Қамшыбектің финалға жолдама үшін жекпе-жегіне тікелей трансляция

Сурет: olympic.kz, Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 4 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында жартылай финалдық жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

91 келіден аса салмақтағы қазақ боксшысының қарсыласы - Ричард Торрес (АҚШ). Бұл кездесудің басталуы 12:18-де. Айқасты "Хабар" арнасынан тамашалауға болады. Трансляцияны мына сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар.

Айта кетейік, Қамшыбек қазірдің өзінде қола жүлдеге ілігіп тұр. Соған қоса, 52 келіде Сәкен Бибосынов та жартылай финалға жеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар