Қабағы жарылғанына қарамастан. Нұрислам жапониялық балуанды жығып жартылай финалға шықты

Сурет: olympic.kz

Еркін стилде күресетін қазақстандық Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақта Санаев ширек финалда жапониялық Юки Такахасимен белдесті. Кездесу басында Нұрисламның қабағы жарылып, белдесу барысында жиі үзіліс болды. Міне, осыған қарамастан қазақстандық балуан қарсыласынан басым түсті. 

Бұған дейін 1/8 финалда Санаев Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафені сенімді жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар