auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек". Ермахан Ибраимов Қазақстандағы бокстың құлдырау себебін атады

"Жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек". Ермахан Ибраимов Қазақстандағы бокстың құлдырау себебін атады
Сурет: sciencexxi.com

Бүгінгі таңда Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғап жатқан үш былғары қолғап шебері қалды. 52 келіде Сәкен Бибосынов, 62 келіге дейінгілер арасында Зәкір Сафиуллин және құрама капитаны, 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев. Жартылай финалдық кездесулер алдында Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов боксшыларымыздың нашар нәтиже көрсетуінің себебін Vesti.kz тілшісіне айтып берді.

- Ермахан аға, Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жатқан үш жерлесіміз қалды. Оларға артылған жүктің салмағы ауыр болып тұр ғой?

- Салыстырмалы түрде Бейжіңде қоржынымызда 1 алтын, 1 қола медаль болған. Қазақ спортының тарихында Қытайдағы Жазғы ойындар біздің құрама үшін ең сәтсіз Олимпиада деп айтуға болады. Сол жылы Серік Сәпиев, Бақтияр Артаевтар жүлдесіз қалған еді. Афиныда 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алғанбыз. Сол сияқты тарих қайталанып жатыр ғой. Бұл жолы Бекзат Нұрдәулетов, "қазақ салмағында" Абылайхан Жүсіпов жарыстан ерте шығып қалды. Қазақстанда 18 миллион халық болса, 18 миллион бокс сарапшысы бар ғой. Барлығы жарыс көреді, сынайды дегендей. Сондықтан күншығыс елінде жүлделі орындарға таласып жатқан үш отандасымызға сәттілік тілейміз. Олардың үшеуі де жүлде алуға міндетті. Жігіттерімізге шегінерге жол жоқ. Қамшыбекке ту ұстаушы ретінде жолға шығар алдында ақ батамды бергем. Саған қола мен күміс жарамайды, саған тек қана алтын алу керек дегенмін. Сондықтан Қоңқабаевқа төрешілер тарапынан қысым болмаса, финалға аман-есен шығып алтын алуы тиіс. Қамшыбектің мойнында үлкен жауапкершілік тұр.

- Басты үміттеріміздің бірі Әбілхан Аманқұл күтпеген жерден жарысты ерте аяқтап отыр. Кейін білгеніміздей, Аманқұлда жарақат болған екен

- Өкінішке қарай, Әбілхан келесі кезеңге өте алмады. Жекпе-жектен кейін бапкері сұхбат берді ғой жарақаты болған деп. Әрине, өте өкінішті. Оның қарсыласы бразилиялық болды. Кезінде мен спортшы болып жүргенімде, Бразилиядан боксшы шығыпты дегенді естімейтінбіз. Ал алда-жалда қарсылас атанып жатса, бізді көріп рингке шықпай қашып кететін. Бокс әлемінде Бразилия деген елдер экзотика болатын.  

- Өзіңіз бір сұхбатыңызда кезінде сондай экзотикалық елдердің боксшыларын рингте шемішкеше шағатынбыз деп едіңіз...

- Иә, кезінде ондай болғаны рас. Қарап отырсаңыз, қазір барлық елде бокс бірдей дамып жатыр. Өкінішке қарай, елімізде бокстан Олимпиада даярлау орталығын қысқартып тастады. Қазір енді Алматы қаласының Олимпиада даярлау орталығы болып қалды. Соңғы кездері орталыққа бөлінетін қаражат қатты қысқарып кетті. Осыған дейінгі сұхбаттарымда айтқанымдай, егер біз елімізде боксты дамытқымыз келсе сондай орталықтардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беруіміз керек. Өзім сол орталықты бірнеше жыл басқардым. Қазір ол орталықта спорттың 17 түрі бірігіп кетті. Біздің елімізде басқа спорт түрлері бір төбе, бокс бір төбе ғой. Сол үшін қазақ боксын қайта көтеруіміз үшін даярлау орталығына мән беруіміз керек.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама