Жүлдеге соңғы үміт. Қазақстандық каратешілердің айқасы мен бір балуанымыздың Олимпиададағы белдесуіне тікелей трансляция

Сурет: olympic.kz

Бүгін, 7 тамыз қазақстандық спортшылардың соңғы легі Олимпиада жүлдесіне таласады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, бүгін қазақстандық каратешілер Софья Берульцева (61 келіден аса) және Данияр Юлдашев (75 келіден аса) татамиге шығады. Басталуы 11:00. Бұл жекпе-жектерді Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Еркін стилде күресетін қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков қола жүлде жеңіп алуы мүмкін. Бұл үшін ол 65 салмақтағы жұбату раундында сенегалдық Адам Диаттені жығу керек. Басталуы 15:45. Бұл белдесуді "Хабар" арнасынан тамашалай аласыздар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар