"Жеңіске жету үшін Ресейден болу керексің". Армениялық балуан Олимпиаданың финалындағы нәтижемен келіспейтінін айтты
!["Жеңіске жету үшін Ресейден болу керексің". Армениялық балуан Олимпиаданың финалындағы нәтижемен келіспейтінін айтты](/userdata_kaz/news/2021/news_16286/crop_amp/photo_17452.jpg)
Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен финалда ресейлік Муса Евлоевқа жеңілген армениялық балуан Артур Алексанян кездесудің нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы "Чемпионат" жазды.
Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен финалда ресейлік Муса Евлоевқа жеңілген армениялық балуан Артур Алексанян кездесудің нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы "Чемпионат" жазды.
"Жеңіске жету үшін Ресейден болу керексің", - деп келтіреді Алексанянның сөзін "Матч ТВ" арнасы. Ал марапаттау сәтінде армениялық балуан күміс жүлдені тағудан бас тартты.
Еске салайық, Евлоев 97 килода Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Ол финалда Алексанянды 5-1 есебімен жеңді. Бұл Токиодағы Ресей құрамасы жеңген 13 алтын жүлде.
29 жастағы Алексанян - 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының чемпионы. Сондай-ақ ол 2012 жылғы Олимртада ойындарында қола жүлде иеленген.
Жарнама