Жансай Смағұлов Олимпиаданы жеңіспен бастады

сурет: olympic

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Жансай Смағұлов Олимпиаданың алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

73 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан жерлесіміз жарыстың 1/16 финалында армениялық Фердинанд Карапетяннан басым түсті.

Еске салайық, турнирдің бірінші күні құрама қоржынына алғашқы жүлдені дзюдошы Елдос Сметов алған еді. Сонымен қатар, екінші күні зілтемірші Игорь Сон Токио ойындарының қола медалімен марапатталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар