Жаңа Зеландия құрамасы Токиодағы Паралимпиаданың ашылуына қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ашылу салтанатына қатыспаудың басты себебі – команда коронавирус ифекциясын жұқтырудың алдын алу.
"Біздің құрама ашылу салтанатына қатыспайды. Негізгі мақсат аты жаман ауруды Паралимпиада барысында жұқтырып алмау", - делінген Паралимпиада комитетінің Facebook парақшасында.
Күншығыс еліндегі жарыста Жаңа Зеландия құрамасынның намысын 29 спортшы қорғайды. Жазғы ойындардың ашылу салтанаты бүгін елорда уақытымен 17:00-де басталады. Турнирдің ашылуын 16:50-ден бастап Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.