Илья Ильин Олимпиада трансляциясына байланысты қазақстандық арналарды сынға алды

Видеодан алынған кадр

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин Токио Олимпиадасында Зульфия Чиншанлоның жарысын қайдан көруге болатынын білмей отыр. Өйткені қазақстандық арналар тағы да спортшыларымыз қатысып жатқан жарысты көрсетіп жатқан жоқ, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Чиншанлоны көре алмайтын болдық. Чемпионат қызып тұр, Олимпиада ойыны, бізде жүлде болу керек, ал мында ән мен би көрсетіп жатыр. Бұған не деуге болатынын білмеймін. Басқа арнадан жүзушілерді көрсетіп жатыр, онда біздің спортшылар жоқ. Ал мында...", - деп Instagram желісінде видео жариялады ол.

Алайда Ильин бұл видеоны бірнеше минуттан кейін өшіріп тастады. 

Айта кетейік, Чиншанло 55 келі салмақта жүлде жеңіп алуы мүмкін. Алайда қазақстандық телеарналар өзіміздің спортшылар қатысып жатқан жарысты көрсете алмауда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар