Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола медаль түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Игорь Сон ауыр атлетикадан 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, Олимпиада жүлдегері атанып отыр. Ол жұлқа көтеруде 131 келіні оңай бағындырса, серпеде 163 келі еңсерді.
Еске салайық, бір күн бұрын дзюдошы Елдос Сметов 60 келі салмақта қола медальмен марапатталған болатын.