Финалда талдырып тастаған. Каратеші ауыр нокауттан кейін Олимпиада чемпионы болып оянды

Сурет: primetimezone.com

Ирандық каратеші Саджад Ганджзаде Токио ойындарының финалында нокаутқа түскен болатын, ал есін жиғанда Олимпиада чемпионы болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақ финалында оның қарсыласы Сауд Арабия өкілі Тарек Хамеди жекпе-жекті 4-1 есебімен жеңіп жатқан. Сонымен қоса, Хамеди ирандық спортшыны есінен тандырды, Саджадты татамиден зембілге салып алып шыққан болатын. 

Алайда жеңісті Тарекке емес, Ганджзадеге берді, төрешілер шешімі бойынша, арабиялық спортшы соққыны толық контактта жасады, ал бұған ережеде тыйым салынған. Осылайша, ирандық каратеші  зембілде ессіз жатқанында Олимпиада чемпионы атанды. 

 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар