Олимпиада
29 шілде 2021 18:29

Ермахан Ибраимов Левиттің нокаутына кім кінәлі екенін және Нұрдәулетов пен Жүсіпов не үшін жеңілгенін айтты

Сурет: olympic.kz. Владислав Семенов©

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимов Токиодағы Олимпиада ойындарының 1/8 финалындағы қазақстандық боксшылардың жеңілісі туралы ой білдірді. Брифинг барысында ол отандастарымыздың жеңілісінің себебі неде екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Төреші бірден нокдаунды тіркеуі керек еді. Рингтегі төреші қателесіп қалды. Ол есеп ашатын бірінші сәтті өткізіп алды. Левиттің қарсыласы - кубалық эмигрант. Левитті кінәлауға болмайды. Ол өзін де айыпты деп санамасын. Жаңа жарыстарға дайындалу керек. 

Абылайхан Жүсіпов өз уайымын жеңе алмады. Ол жас. "Қазақстанның" салмағы атанып кеткен 69 килода өнер көрсетті. Көпшілік одан жеңіс күтті. Бұл психологиялық тұрғыда боксшыға қиын болды. Басты себеп - уайым болды. 

Нұрдәулетов болса алдыңғы қолмен жұмыс істемеді. Оның қарсыласы аласа болады. Ресейлік боксшыны дистанцияда ұтып кетуге болатын еді. Бірақ Бекзад өз стилінде жұдырықтаспады. 

Енді бізде төрт боксшы қалды. Мұндай құраммен біз кезінде екі алтын және екі күміс жеңгенбіз. Сондықтан жігіттерге сенеміз", - деді Ибраимов. 

Еске салайық, Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылардан Бекзад Нұрдәулетов, Василий Левит, Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов және Надежда Рябец жеңіліп қалды. Ал Сәкен Бибосынов, Зәкір Сафиуллин, Әбілхан Аманқұл және Қамшыбек Қоңқабаев жарысты ары қарай жалғастырып жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport