Ерлер боксында жалғыз жүлдені алған Нұрбек жоспарын айтты
©Владислав Семенов
Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық Нұрбек Оралбай алдағы жоспары туралы айтып берді.
Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық Нұрбек Оралбай алдағы жоспары туралы айтып берді.
80 келіде өнер көрсететін Нұрбек Қазақстан ерлер құрамасынан жүлде алған жалғыз бкосшы.
«Екінші орын алдым, бұл бізді сындырмайды, керісінше жігерлендіреді. Мықты қылады. Бірер ай демалып, ем алып, жаттығуды қайта бастаймын. Алдағы әлем чемпионаты мен Азия чемпионатына дайындаламыз. Париж бірінші олимпиада болған соң, оңайға соқпады, ол жаққа ешкім ұтылу үшін бармайды, барын салады. Алтын келесі олимпиадада бұйырады деп ойлаймын», - деді боксшы.
Жарнама