Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

©сурет: tengrinews.kz

Токиодағы Паралимпиада ойындарында 50 метр қашықтықта баттерфляй (S6) әдісімен жүзу спортының өкілдері іріктеу жарыстарына қатысты. Аталмыш дистанцияда сынға түскен жерлесіміз Ержан Сәлімгерев финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сәлімгереев квалификацияда үшінші нәтижені көрсетіп, финалға жолдама алған сегіз атлеттің қатарына еніп отыр. Финалдық жарыс бүгін елорда уақытымен 14:51 басталады.

Еске салайық, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Давид Дегтяров (пауэрлифтинг) алтыннан алқа тағынса, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатиналар күміспен күптелді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар