Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Олимпиаданың жартылай финалында Рыбакина әлемнің жетінші нөмірлі теннисшісі швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті.
Үш сетке созылған ойын нәтижесі: 6:7(2:7), 6:4, 3:6, матч Бенчичтің пайдасына шешілді.
Енді Рыбакина Токио Олимпиадасының қола жүлдесі үшін Элина Свитолина (Украина) - Маркета Вондрусова (Чехия) жұбындағы жеңілген спортшымен ойнайды.