Екінші жүлде бола ма? 25 шілдеде жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылардың кестесі

Сурет: olympic.kz

Ертең, 25 шілдеде Токиодағы Олимпиада ойындарында бірнеше қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Осы орайда Vesti.kz порталы назарларыңызға ертең жарыс жолына шығатын отандастарымыздың кестесін ұсынады. 

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі: 

Стенд ату, скит. Әйелдер, іріктеу
25 шілде, 06:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен) - Асем Орынбай, Зоя Кравченко

Дзюдо, ерлер
25 шілде, 08:00, іріктеу - Ерлан Серікжанов (66 кило)

Теннис, ерлер, әйелдер. Бірінші раунд
25 шілде, 08:00 - Михаил Кукушкин - Федерико Кория (Аргентина)
25 шілде, 08:00 - Ярослава Шведова - Айла Томлянович (Австралия)
25 шілде, 08:00 - Юлия Путинцева - Надя Подороско (Аргентина)

Академикалық ескек есу, ерлер жартылай финалы
25 шілде, 09:00 - Владислав Яковлев

Семсерлесу, ерлер
25 шілде, 09:45, бірінші раунд - Руслан Курбанов - Марко Фичера (Италия)

Мылтық ату, пневматикалық винтовка (10 метр). Ерлер
25 шілде, 10:00, іріктеу - Юрий Юрков
25 шілде, 12:30 - финал

Үстел теннисі, ерлер. Екінші раунд
25 шілде, 12:30 - Кирилл Герасименко - Любомир Янчаржик (Чехия)

Ауыр атлетика, ерлер (61 келі)
25 шілде, 12:50 - Игорь Сон

Жүзу, 100 метр. Шалқалай жүзу (әйелдер)
25 шілде, 16:04, іріктеу - Диана Назарова

Бокс, 63 кило, ерлер. 1/16 финал
25 шілде 16:24 - Закир Сафиуллин - Леодан Пезо (Перу)

Су добы, ерлер. Топтық кезең
25 шілде, 16:50 - Қазақстан - Хорватия

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар