"Екі елдегі ұйымдастыру деңгейі ұқсас". Абылайхан Жүсіпов Олимпиада ауылы жайлы

сурет: gov

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Токиодағы алғашқы жаттығу күндері қалай өтіп жатқанын айтып, шағын сұхбат берді деп жазады Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Токио қаласына келіп, олимпиадалық ауылға орналастық. Мұнда спортшыларға керекті дүниенің бәрі де бар. Бар жағдай жасалған. Рио Олимпиадасына да қатысқанымды білесіздер. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, екі елдегі ұйымдастыру деңгейі ұқсас. Токиода жаттығуды бастап кеттік. Арнайы тренажер залы да бар екен. Барлық ережелерді сақтап жүрміз. Күніне бірнеше рет ПТР тест тапсырамыз. Әрине, бұл аздап жалықтырады. Дегенмен, барша әлем пандемиямен күресіп жатқандықтан, бұл талапқа мойынсұнамыз", - дейді Жүсіпов. 

Еске салайық, Абылайхан Жүсіпов бокстан қазақтың салмағы атанып кеткен 69 келіде бақ сынайды. 

Метки:
Жаңалықтар