Димаш Құдайберген қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасындағы көрсеткішіне баға берді

Сурет: Yvision

Қазақстандық әнші, композитор және мультиинструменталист Димаш Құдайберген Токиодағы Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жеңістеріңіз үшін үлкен рахмет, бауырлар! Елдің намысы үшін тырысып, еңбекпен әкелген қола жүлделеріңіз, мен үшін алтыннан кем емес! Алла қаласа бұдан да үлкен шыңдарды бағындыруға нәсіп етсін!!!", - деп жазыпты Димаш Instagram желісінде.

Еске салайық, Токиода Қазақстан құрамасы сегіз қола иеленіп, жүлделік есепте 83-ші болды. Ал бұрынғы КСРО елдері арасында қазақстандық спортшылар Молдова мен Тәжікстаннан ғана асып түскен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар