Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді. Ол енді қолаға таласады

Сурет: Оlympic.kz. Сали Сабиров©

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының жартылай финалдық белдесулері аяқталды.

Аталған салмақта қазақстандық Данияр Қайсанов сынға түскен болатын. Финал жолдамасы үшін таласта Қайсанов екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Судаковпен белдесті. 

Кездесу ресейлік балуан үшін айтарлықтай қиын болған жоқ. Ол 11:0 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың финалына өтті. 

Данияр Қайсанов өз салмағындағы қола жүлдеге таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар