Данияр Қайсанов қола үшін таласта өзбекстандық балуаннан жеңілді

Сурет: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Еркін күрестен Токио Олимпиадасында 74 келі салмақта белдесіп, қола медальға күрескен Данияр Қайсанов қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қайсанов қола жүлде үшін күресте өзбекстандық Бекзод Абдурохмановпен кездескен болатын. 

Өкінішке қарай, кездесу басталған бетте Абдурохманов алға ұмтылып, белдесуді уақытынан бұрын бітірді. 

Есеп - 13:2, өзбек балуанының жеңісі. 

Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар