Чиншанло алтынға таласады және Бибосынов рингке шығады. Қазақстандықтардың Олимпиададағы жарысына тікелей трансляция

Зульфия Чиншанло. Сурет: Reuters

Бүгін, 26 шілдеде Қазақстан құрамасының қоржыны Олимпиаданың тағы бір жүлдесімен толығуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін ауыр атлетикадан қазақстандық Зүлфия Чиншанло өнер көрсетеді. 55 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасындағы жарыс Қазақстан астанасының уақытымен 16:55-те басталады. Qazaqstan оны тікелей көрсетеді. 

Соған қоса, бүгін 52 келіде жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов рингке шығады. Оның бірінші қарсыласы пуэрториколық Янкель Ривера Фигероа болады. Кешкі сессияның басталуы - 14:00-де. Тікелей көрсетілімді "Хабар" арнасы жүргізеді, жарысты мына сілтеме арқылы өтіп тамашалай аласыз. 

Айта кетейік, Қазақстан қоржынында ауыр атлетикадан бір жүлде бар - 61 келіде Игорь Сон қола жеңіп алды. Елдос Сметов те дзюдодан қола жүлде жеңіп алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар