"Бүкіл әлемнің алдында масқара болдық". Хамитов Олимпиада ойындарының нәтижесі жайлы

Сурет: instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат Хамитов Токиода өткен Олимпиада ойындарының көрсеткіші туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Токиода Қазақстандық спортшылар сегіз жүлде жеңді. Оның барлығы қола. Бұл Олимпиада ойындарындағы Қазақстанның ең нашар көрсеткіші. 

"Бұл Олимпиада біз мемлекет ретінде өліп қалғанымызды көрсетті. Бұл масқара! Неге? Өйткені барлық дамыған елдер алдағы жылжып, өсіп, жақсарып жатыр, ал бізде болса жыл өткен сайын жағдайымыз нашарлауда. Елде ешқандай даму жоқ, тіпті спортта! Осылай болғанына қуаныштымын. Себебі, барлығы осыған келе жатқан. Ешкім жұмыс істегісі келмейді. Барлығы есеп үшін ғана. Шет елдерден келімсектерді алып келеді, ал жергілікті спортшыларға назар аудармайды. Ақшаны футбол секілді болмайтын спортқа бөледі. Біз автономды республикада тұратын секілді бөліп отырады. 

Еске жүйенің көзін құрту керек деп ойлаймын. Бұған дейін спортқа қатысы болған адамның барлығын алып, жаңадан бастау керек. Жасы келген адамдарды қызметінен босатып, жастарға мүмкіндік беру қажет. Спорт министрлігі туризм мен мәдениеттен бөлсін. Бүгін біз мемлекет ретінде бүкіл әлемнің алдында масқара болдық. Көршілеріміз бізге күлуде. Ал біз ұлт болып жай қарап, ешқандай амал жасай алмаудамыз ... Барлығымыз бірігіп жеке бастың қамы үшін емес, елдің мүддесіне жұмыс істеу керек. Біздің ағаларымыз, патриоттарымыз қайда? Барлығы ояну керек", - деп жазды Хамитов Instagram парақшасында. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар