Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының 1/8 финалындағы кездесу туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Ширек финалында отандасымыз әлемнің тоғызыншы ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурузаны жеңді.
"Бүгін мен шынында жақсы ойнадым. Біраз қате жасадым. Дәл осы деңгейімді келесі ойында да сақтай аламын деп үміттенемін", - деді Рыбакина.
Енді Рыбакина Олимпиада ойындарының жартылай финалында әлемнің 12 нөмірлі теннисші швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.
Айта кетейік, бүгін 28 шілде күні микс сайысында Ярослава Шведова мен Андрей Голубев сынға түседі. Олардың қарсыластары жапониялық Эна Сибахара мен Бен Малахлан болады.