Олимпиада
7 тамыз 09:28
 

Бүгін қазақтың балуаны Олимпиада алтыны үшін белдеседі

  Пікірлер

blog.share

Бүгін қазақтың балуаны Олимпиада алтыны үшін белдеседі ©Тұрар Қазанғапов

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

77 келі салмақта сынға түскен Демеу жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсті.

Жадыраев жекпе-жекті ә дегеннен тамаша бастады: басымдылыққа ие болып, бірден алты ұпай иеленді.

Нәтижесінде текетірес 6:1 есебімен Демеудің жеңісімен аяқталды. Енді ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін сарапқа салады.

Финал 7 тамызда өтеді. Демеудің ақтық сындағы қарсыласы жапониялық Нао Кусака болады.

Айта кетелік, ширек финалда Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовты жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!