Бұған дейін ешкім болмаған! Баходир Джалолов жаңа рекорд орнатты
Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов Парижде өткен Олимпиада ойындарына бірегей көрсеткішке жетіпті.
Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов Парижде өткен Олимпиада ойындарына бірегей көрсеткішке жетіпті.
Еске салайық, Джалолов 92 келден аса салмақта алтын жеңіп алды. Осылайша, ол ауыр салмақта Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанған бірінші боксшы болып отыр. Бірінші алтынды ол Токиода алған.
Суперауыр салмақ Олимпиада ойындарына 1984 жылы қосылды. Лос-Анджелестегі ойындардан бастап бұл салмақта Тайрелл Биггс (АҚШ), Леннокс Льюис (Канада), Роберто Баладо (Куба), Владимир Кличко (Украина), Одли Харрисон (Ұлыбритания), Александр Поветкин (Ресей), Роберто Каммарелле (Италия), Энтони Джошуа (Ұлыбритания) және Тони Йока (Франция) чемпион болған.
Жарнама