Олимпиада
29 шілде 2021 22:37

Бокстан әлем чемпионы Олимпиада ойындарындағы жеңілісі жайлы пікір білдірді

Сурет: instagram.com/nurdauletovbekzad

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Олимпиада ойындарындағы жеңілісі жайлы бірінші рет пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Бекзад Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда жеңіліп қалды. 2019 жылы әлем чемпионы атанған отандасымыз бірінші айналымда ресейлік Имам Хатаевқа есе жіберді. Сөйтіп жарыс жолын аяқтады. 

"Алға қойған мақсатымызға жете алмадық. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді.
Бокстағы 13 жылдың ішінде қаншама еңбек, тер, жарақаттар мен қан кетті, осының бәрі сол бала кездегі Бекзадтың арманынан басталған болатын. Қандай жағдай болса да қасымда табылатын Отбасыма, бауырларыма, жақындарыма және шын жанашыр жандарға алғыс айтамын! Нелер келіп, не кетпес ер жігіттің басына", - деп жазды боксшымыз Instagram парақшасында.