Боксшылар Олимпиададағы алғашқы қарсыластарын анықтады

сурет: olympic

Олимпиада астанасында бокстан жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Осылайша Қазақстан құрамасының спортшылары жазғы ойындардағы алғашқы қарсыластарын анықтады.

Еске салайық, іріктеуден іркілмей өткен Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) және Надежда Рябецтер (75 келі) ел намысын қорғайды.

Төменде отандастарымыздың анықталған қарсыластары.

Сәкен Бибосынов – Яникель Ривера (Пуэрто-Рико), 26 шілде

Серік Теміржанов – Ролан Гарос (Венгрия), 24 шілде

Зәкір Сафиуллин – Леодан Пезо (Перу), 25 шілде

Абылайхан Жүсіпов – қарсыласы кейін белгілі болады

Әбілхан Аманқұл – қарсыласы кейін белгілі болады

Бекзат Нұрдәулетов – қарсыласы кейін белгілі болады

Василий Левит –Эммануэль Рейес (Испания), 27 шілде

Қамшыбек Қоңқабаев –  Есри Рез Мустафа (Мысыр), 29 шілде

Надежда Рябец – Тамара Тибелт (Канада), 28 шілде

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар