Боксшылар мен гимнастар сынға түседі. Олимпиаданың ертеңге арналған кестесі

Сурет: ҰОК

3 тамыз күні Токиодағы Олимпиада ойындарында кезекті жарыс күті өтеді. Ертең жарыс жолына қазақстандық спортшылар арасында боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин сынға түссе, гимнаст Милад Карими финалда өнер көрсетеді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Боксшылар ширек финалда өнер көрсетеді. Егер жеңіске жетсе, кемінде қола жүлде алады. Сонымен қата Олимпиада ойындарының бағдарламасына бірінші рет қосылған спорттық құзға өрмелеу сайысы да өтеді. Мұнда біздің елдің намысын Ришат Хайбуллин қорғайды. 

3 тамызға арналған жарыс кестесі:
 
Грек-рим күресі, іріктеу, кейін жартылай финал, 87 келі: 
09:00 - Нұрсұлтан Тұрсынов - Максмиллиан Кудла (Германия)
15:15 - жартылай финалы. "Хабар" арнасы көрсетеді. 

Спорттық құзға өрмелеу, ерлер, іріктеу:
14:00 - жылдамдыққа - Ришат Хайбуллин
15:00 - боулдеринг - Ришат Хайбуллин
18:10 - қиындыққа - Ришат Хайбуллин ("Ел Арна")

Бокс, ерлер. Ширек финалдар: 
14:48 - Сәкен Бибосынов (52 келі) - Габриэль Эскобар (Испания)
15:35 - Зәкір Сафиуллин (63 келі) - Гарри Гарсайд (Аустралия). Qazaqstan арнасы көрсетеді. 

Спорттық гимнастика, ерлер. Финал:
15:39 - Милад Карими (Qasport)

Әртістік жүзу, дуэт. Техникалық бағдарлама:
16:30 - Екатерина және Александра Немичтер

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар