Британиялық бапкер әрі бокс шолушысы Тейлор О'Хиггинс Өзбекстан құрамасындағы Хасанбой Дусматов Париж Олимпиадасының алтынын алады деген ойда.
Дусматовтың Париждегі алғашқы қарсыласы пуэрториколық Хуанма Лопес де Хесус. Оны жеңген жағдайда өзбекстандық боксшы Сәкен Бибосыновпен айқасқа шығады.
"51 келідегі таланттардың тереңдігін ескерсек, осы Олимпиадада жүлделерді кім алатынын анық айту қиын. Мәселен, Токиода күтпеген жағдайлар болды. Дегенмен Хасанбой Дусматовқа біреуді қарсы қою қиын. Өзбек боксшы әуесқойда әлемдегі ең мықты. Финалға дейін жету үшін оған үлкен тер төгу керек болады, алайда, ол жолын толық өтіп, екі салмақтағы Олимпиада чемпиондарының эксклюзив тізіміне кіреді деп ойлаймын", - деп жазыпты Хиггинс әлеуметтік желіде.