Бибосынов Олимпиададағы Дуспамтовпен айқаста неден қашатынын айтты
©Тұрар Қазанғапов
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді. Сәкен келесі жекпе-жегі алдында қателіктерін түзеуге тырысатынын айтты.
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді. Сәкен келесі жекпе-жегі алдында қателіктерін түзеуге тырысатынын айтты.
"Жекпе-жек оңай болған жоқ. Үшінші раундта қателіктер жібердім, келесі жекпе-жекте соларды қайталамауға тырысамын. Рингте қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Жеңіске жету үшін ақтық демім қалғанша барымды саламын.
Қарсыластың бойы аласа болды. Бапкер қашықтық сақтап отыру керегімді айтты. Соққы жасап, қашып отыру керек еді", - дейді Сәкен.
Жарнама