Олимпиада
7 тамыз 2021 17:50

"Бибосынов финалда жұдырықтасу керек еді". Маман Олимпидадағы төрешілер, Левиттің нокауты және Аманқұлдың қателігі туралы ойын айтты

Сурет: Reuters©

Ресейлік комментаторы әрі FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит Токиодағы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен қазақстандық боксшылардың өнеріне өз бағасын беріп, сараптама жасады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Олимпиада ойындарында қазақстанның намысын ерлер арасында сегіз боксшы қорғады. Олар - Сәкен Бибосынов (до 52 кило), Серік Теміржанов ( 57), Зәкір Сафиуллин (63), Абылайхан Жүсіпов (69), Әбілхан Аманқұл (75 кг), Бекзад Нұрдәулетов (81), Василий Левит (91) және Қамшыбек Қоңкабаев (+91). Ал қыздар арасында Надежда Рябец (75 кило) қорғаған болатын. 

Нәтижесінде Олимпиадада тек екі қазақстандық боксшылары - Бибобасынов пен Қоңқабаев ғана жүлдеге ілікті. Олар қола жүлде алды. Осылайша Қазақстан өз тарихында бірінші мәрте Олимпиада ойындарында алтын ала алмады. 

Стангриттің бұл Олимпиадада бапкерлер бірнеше қателік жасағанын айтты. Солардың ішінде жарақаты болған Аманқұлды Токиоға алып барған басты қателіктердің бірі деді. 

"Аманқұлға қатысты ең жақсы жауапты Бақыт Сәрсекбаев берді. Жарақаты бар боксшыны Олимпиадаға алып барудың қажеті қанша еді? Бұл жарыс алдында Әбілхан иығынан жарақат алып, емделіп шыққан. Бұл жарақатынан кейін боксы өзінің бар мүмкіндігін толық көрсете алмады. Тіпті укол салғанның өзінде. Бұл қала, облыс тіпті әлем чемпионаты емес қой. Олимпиада ойындары! Әр боксшының арманы екені айтпаса түсінікті. Енді екінші жағынан қарап көрейік. Мүмкіндің Аманқұлдың деңгейіндегі боксшы болмаған шығар. Бірақ жарақаты бар жігіт қалай Қазақстанның бірінші нөмірлі боксшысы болады? Мұндай жарақаты бар боксшы карьерасын ары қарай жалғастырмауы да ықтимал. Енді оны уақыттың еншісіндегі дүние. Алда не болатынын күтейік", - деп келтіреді Стангриттің Baigenews.kz басылымы. 

Ресейлік маман Василий Левиттің құлап қалғанына таңғалғанын айтты. Ол Левитті басты фовариттерінің біріне қосқан екен. 

"Мен осыған дейін 2016 жылғы Олимпиада ойындарының нәтижесіне қатысты ешқандай пікір білдірмеген едім. Ол кезде көпшілік кез-келген пікірге агрессия білдірлді. Бірақ менің ойымша, сол ойындарда Левит финалда жеңіске жетті. Василий Рионың алтын жүлдесін алуы керек еді. Алайда кейбір жәйттерге байланысты ол финалда жеңілді. Токиода мен одан көп үміт күтіп едім. Бірақ бірінші айналымда жеңілді. Мүмкін жасы келген шығар. Биыл 32-ге толды. Жадпы Левиттің әуесқой бокстағы карьерасы аяқталған секілді. Олимпиадада әрбір боксшының физикалық мүмкіндіктері әртүрлі боллды. Ал Левитте мықты болды деп айта алмаймын. Енді ол кәсіпқой боксқта бағын сынап көретін шығар. 2024 жылы Парижге барады дегенге өз басым сенбеймін", - дейді Стангрит.

Ал Стангрит Бибосыновты ұлыбританиялық боксшы Галай Яфайды жеңді дейді. 

"Жекпе-жек әдемі болды. Бірінші раунд британдық боксшының пайдасына аяқталды. Екінші және үшінші раундты Бибосынов жеңді. Жекпе-жектің мәселесін үшінші раунд шешті ғой. Менің ойымша, Сәкеннің соққылары дәл болды. Төрешілердің екеуі жеңісті британдық боксшыға бергені тағы да таңғалдырды. Осы төрешілердің шешімі қорытынды нәтижеген қатты әсер етті. 

Үшінші раунда барысында Яфай шаршап қалды. Сөйтіп техникаға көп нәрсені шешті. Сәкеннің техникасы да жоғары еді. Екі төреші неге Галайға жеңісті берді? Мен осыны түсінбедім. Бес төреші де жеңісті Бибосыновқа беру керек тұғын. Менің ойымша есеп - 2:1. Әрине қазақстандық боксының пайдасынаү Бибосынов финалда жұдырықтасуы керек болаты. Ол жеңіс үшін барлығын жасады", - деді маман. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport