"Бапкерлердің берген ақыл-кеңесінің арқасында жеңдім". Бибосынов бірінші жеңісі жайлы айтып берді

Сурет: ҰОК

Қазақстандық бокс Сәкен Бибосынов Vesti.kz тілшісіне Олимпиада ойындарындағы бірінші жеңісі туралы айтып берді. 

Айта кетейік, 52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы бірінші айналымда пуэрторикалық Яникель Риверамен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

- Бірінші кездесуімде жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Алғашқы раундта біраз қателестім. Рингті дұрыс сезіне алмадым. Екінші және үшін раундта қарсыласымды жақсы біліп алдым. Сөйтіп, бапкерлер айтқан кеңесті қолдандым. Енді келесі кездесуімде жеңіске жету үшін бар күшімді саламын.

- Бірінші кездесуден қандай қорытынды шығардыңыз? 

- Қарсыластарды қатты жақындатпау керек. Дистанцияда ойнау қажет. Бүгінгі кездесуімде бірінші раундта мұны жасай алмадым. Қарсыласым дистанцияны бұзып, жақындай берді. Сосын айқас барысында тактиканы ауыстыруға тура келді. Бапкерлердің берген ақыл-кеңесінің арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын. 

- Екінші раундта қарсыластың көп соққысы өтіп кеткендей болды...

- Жоғарыда айтып өткенімдей, қателіктерді түзейміз. 

- Жалпы жеребеге көңіліңіз тола ма? 

- Олимпиада - әрбір спортшы қатысқысы келетін үлкен дода. Сондықтан мұнда осал қарсыластар болмайды. Барлық қарсылас қиын іріктеуден өтіп келген. Барлығы жақсы қырынан көрінгісі келеді. Бірақ мен кез келген қарсыласпен кездесуге дайынмын. 

- Осыған дейін сіз өнер көрсететін салмақта Біржан Жақыпов көшбасшы болған еді. Олимпиада алдында ағаңыз ақылын айтты ма? 

- Иә, Токиоға ұшар алдында Қайрат Ералиев пен Біржан Жақыпов хабарласып, сәттілік тіледі. Сосын ақыллдарын айтты. Бұл жігіттер өте тәжірибелі. Кеңестерін құлаққа құйып алдым. Енді ол жігіттердің көрсеткіштерін жаңартсам деген үміт бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар