Баходир Жалолов қарсыласын нокдаунға түсіріп Олимпиаданың чемпионы атанды

Сурет: Reuters©

Токио төрінде бокстан Олимпиаданың соңғы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Соңғы кездесу 91 килодан ауыр салмақта өтті. Финалда өзбекстандық Баходир Жалолов пен америкалық Ричард Торрес кездесті. 

Бұл кездесудің бірінші раундты аз ғана басымдықпен Ричардтың пайдасына аяқталды. Бірақ екінші кезеңде Жалолов басымдықты өз қолына алды. Ол қарсыласын нокдаунға түсірді. Сонымен қатар осы раунда бірнеше ескерту үшін амреикалық боксшыдан бір ұпай алынды. 

Үшінші раундта өзбек боксшысы сақ қимылдап, жекпе-жекті өз пайдасына аяқтады. Есеп 5:0. 

Айта кетейік, бұл салмақта қола жүлдені қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев алды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар