Азияның төрт дүркін чемпионы қазақстандық Ахметова Олимпиададағы бірінші белдесуінде жеңілді

Сурет: olympic.kz/Сали Сабиров©

Қазақстандық Татьяна Ахметова Токио Олимпиадасында әйелдер арасындағы күресте бірінші белдесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

53 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Ахметова польшалық Роксана Мартамен кездесіп, 2:3 есебімен жеңілді.

Дегенмен, польшалық балуан қыз финалға жетсе, қазақстандық спортшы қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алады. 

Ахметова Азияның төрт дүркін чемпионы екенін айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар