Азиада
5 тамыз 10:20
 

Азиялық бокс конфедерациясы Нұрбектің қалай жеңгенін түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

Азиялық бокс конфедерациясы Нұрбектің қалай жеңгенін түсіндірді ©Владислав Семенов

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың Париж Олимпиадасының жартылай финалындағы жеңісін атап өтті. 

blog.share

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың Париж Олимпиадасының жартылай финалындағы жеңісін атап өтті. 

Бұл кезеңде қазақ боксшы доминиканалық Кристиан Хавьер Пиналесті жеңді.

"Қазақстандық Нұрбек Оралбай, жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы бірінші раундта доминиканалық Кристиан Хавьер Пиналестен жақсырақ болды. Екінші раундта доминиканалық та жақсы соққылар жасады, бірақ үшіншісінде Нұрбек қайтадан басымдық көрсетті. Оралбайдың тактикалық көрсетілімдері жартылай финал тағдырын шешті де, ол Париждегі алғашқы финалист атанды", - деп жазыпты ASBC.

Енді финалда Нұрбек украиналық Александр Хижнякпен жекпе-жек өткізеді. Алтын үшін айқас 8 тамызға қараған түні өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!