Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Олимпиаданы қорытындылады

Сурет: Olympic.kz

Әйелдер күресінен Токио Олимпиадасында бақ сынаған үш қазақстандық балуан бірінші айналымнан әрі асқан жоқ. Бұл бес жыл бұрынғы Рио Олимпиадасымен салыстырғанда нашар нәтиже екені сөзсіз. Бас бапкер Нұрлан Аманқосов спортшылар неліктен жеңілгенін түсіндіріп, Olympic.kz сайтына сұхбат берді. 

"Бес жыл күткен Олимпиадамыз да қас қағымда өтіп кетті. Өкінішке қарай, балуан қыздарымызда жүлде жоқ. Жеңіліп қалды. Әрине, іздей берсең, себеп табылады. Меніңше, біздің командаға әлемдегі пандемия әсерін тигізді. Біз карантин басталғалы шетелде оқу-жаттығу жиынын өткізбедік.

Команда құрамындағы танымал балуан қыздар декреттік демалысқа кетті. Алты спортшы бала күтімімен үйде отыр. Ал Олимпиадаға аттанатын балуандарымызға спаррингте күресетін қыздар да табылмай жатты. Себебі, көпшілігі тым жас. Яғни, тәжірибелі спортшылар аз болды. 

50 келіге дейінгі салмақта Валентина Исламова бақ сынады. Ол өзінің алғашқы Олимпиадасы болғандықтан, әбден қобалжып, "жанып кетті". Бұрын өзі ұтып жүрген Эквадор қызына есе жіберді. Деңгейі жоғары спортшылармен көптен күреспегені де көзге ұрып тұрды. 

53 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Татьяна Аманжол азулы қарсыластан ұтылды. Польшалық балуан Еуропа чемпионатында топ жарып, әлем біріншілігінде қола алған. Оның үстіне, Татьяна аяғының жарақатынан қорықты.

Естеріңізде болса, Алматыдағы құрлықтық іріктеу турнирінде Аманжол бір аяғымен жеңіп шыққан еді. Олимпиадаға дейін аяғын емдедік. Бірақ белдесу кезінде ол аяғын тағы жарақаттап алудан қорықты. 

76 келідегі Эльмира Сыздықова тактикалық тұрғыдан қате жіберді. Ол ұшып келгеннен кейін бір күннен соң кілемге шықты. Бұл да әсерін тигізен шығар", - деді бас бапкер

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар