Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды  

©instagram.com/kazparalympics

Қазақстандық парадзюдошы Әнуар Сариев Қазақстан қоржынына Токиодағы Паралимпиада ойындарының екінші жүлдесін салды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

60 келіге дейінгі салмақ дәржесінде белдескен ол финалда әзербайжандық Вугар Ширинлиге есе жіберді. Екеуара белдесу өте тартысты өтіп, вазари ұпайларын еншіледі. Негізгі уақыт аяқталуға 40 секунд қалғанда әзербайжандық балуан әдіс жасап, екінші вазари ұпайын еншіледі.

Нәтижесінде, парадзюдошы Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

 

 

Метки:
Жаңалықтар