auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Америкалық сарапшылар Қамшыбек Қоңқабаевтың жартылай финалдағы жеңілісі туралы пікірін айтты

Америкалық сарапшылар Қамшыбек Қоңқабаевтың жартылай финалдағы жеңілісі туралы пікірін айтты
Сурет: Reuters©

Badlefthook.com порталының шолушысы Скотт Крис Vesti.kz порталының тілшісіне бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың Токиодағы Олимпиада ойындарының жартылай финалындағы жеңілісі туралы пікір білдірді. 

Олимпиада ойындарының 1/2 финалында қазақстандық боксшы америкалық Ричар Торреспен кездесіп, жеңіліп қалды. Кездесудің екінші раундында Қоңқабаев алдымен төрешіден ескерту алса, кейін нокдаунға түсіп қалды. Үшінші раундта капитанымыз мұрны сынып, кездесуді ары қарай жалғастыра алмады. 

Қан тоқтамады. Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада финалына шыға алмады

"Қоңқабаевтың деңгейі мен тәжірибесі Торреске біраз қиындық туғызды. Бірақ жалпы жекпе-жек Ричардтың бақылауымен өтті. Енді ол финалда жұдырықтасады. Торрес аса ауыр салмақта 1988 жылы Риддик Боудан кейін жүлдеге іліккен боксшы атанды. Ал ауыр салмақта АҚШ соңғы рет 1984 жылы алтын алды. Оны Тайрелл Биггс алып берген еді. Торрес Қоңқабаевты бірінші раундтың өзінде есеңгіретті. Ал екінші раундта нокдаунға түсіріп, мұрнын сындырды. Сөйтіп қазақстандық боксшының мұрны жырылып, жекпе-жек аяқталды. Күмәнсіз, бұл айқаста Торрес мықты болды", - деді автор.

Америкалық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевты қалай жеңгенін айтып берді

Boxingscene.com порталының шолушысы Джейк Донован да жартылай финалдық жекпе-жек толық Торрестің бақылауында өткенін айтты. 

"Қоңқабаев екінші раундтың ортасында шашыраңқы жұдырықтасты. Осы кезде Торрес тарапынан жасалған оверхенд қазақты есінен тандыруға шақ қалды. Ал екінші раундты Ричард сол қолымен жақсы соққы жасап, нокдаунмен аяқтады. 

Бұл кездесудің өзінде Торрес төрт төрешінің шешімі бойынша 20-17 есебімен жеңіп тұрды. Ол жекпе-жекті соңына дейін жеткізгісі келмей, ары қарай шабуылға шыға берді. Осылайша америкалық боксшы Токиодағы екінші кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Лайық жеңіс. Енді финалды асыға күтеміз", - деп жазды автор. 

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының финалында Торрес өзбекстандық Баходир Жалоловқа қарсы кездесу өткізеді. Ал Қоңқабаевқа болса қола жүлде бұйырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама