Америкалық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевты қалай жеңгенін айтып берді

Сурет: ҰОК

Америкалық боксшы Ричард Торрес Vesti.kz тілшісіне Токиодағы Олимпиада ойындарының жартылай финалында Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевпен өткен кездесуі туралы айтып берді. 

Қоңқабаев пен Торрес арасындағы кездесу бүгін, 4 тамыз күні өтіп, америкалық боксшының пайдасына аяқталды. Аса ауыр салмақтағы бұл кездесу отандасымыз бір рет нокдаунға түсті. Оның алдында төреші ескерту жасап, ұпайын алып тастады. Ал үшінші раундта Қоңқабаевтың қабағы жарылуына байланысты жекпе-жек тоқтатылды. Сөйтіп жеңіс Торреске берілді. 

- Бұл жігіт (Қоңқабаев - ред) өте мықты қарсылас. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар, басқа да жүлделері жетеді. Кездесуде бар күшімді салдым. Онсыз болмайтын еді. Аса ауыр салмақта бір соққы мәселені шешіп кетеді. Кездесудің алдында әкем қорғаныста мұқият болуды ескертті. Қатты жеңіске жеткім келді. Сол үшін үнемі алған жүріп, қарсыласты қысымға алдым. Рингте жан-жақты бола алатынымды көрсеттім деп ойлаймын. Әкем талап еткен барлық нәрсені жасадым. 

- Осылай сенімді жеңемін деп ойладыңыз ба? 

- Оңай жеңіс болмады. Бір соққы бәрін шешіп кетті. Қазақстандық қарсыласымды қатты құрметтеймін. 

- Көптеген маман бұл салмақта Қоңқабаев пен Жалолов финалға шығады деп болжады. Бұл сіздің ашуыңызға тимеді ме? 

- Рас па? Олар осылай айтты ма? Кімнің финалға шығатынын мамандар менен сұрауы керек еді...

- Сіз бұған дейін Қоңқабаевпен спарринг өткіздіңіз. Ал Қазақстанда болдыңыз ба?

- Жоқ. Ешқашан болмадым. Бірақ Қазақстан өте әдемі ел деп естігенмін. Бір күні жолым түсіп, барып қалатын шығармын. 

- Әңгімеңізге рақмет! Финалда сәттілік тілейміз!

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар