Азиада
13 тамыз 15:36

Алтынға зәулім үй. Өзбек спортшылар Олимпиада жүлдесі үшін қандай сыйақы алғаны айтылды

©IG/olympic.uz

Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Өзбекстан құрамасының спортшылары сәтті бақ сынап қайтты. 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншілеген өзбектер жалпыкомандалық есепте 13-орын алды. 

Өзбекстан құрамасы алтын жүлде саны бойынша өз елінің рекордын жаңартты. Бұған дейін 2016 жылы Риода 4 алтын алған еді. Сондай-ақ жүлделер саны бойынша да рекордын қайталады. 

 
Өзбек халқы елге оралған спортшыларды қошеметпен қарсы алып, Ташкент төрінде сый-құрмет көрсетті. Ал мемлекет жүлделі орынға іліккен спортшыларға қомақты сыйақы, үй және автокөлік сыйлады. 

Алтын алғандарға: 

•200 мың АҚШ доллары
•Tahoе автокөлігі
• 2 қабатты коттедж

Күміс алғандарға:

•100 мың АҚШ доллары
• BYD Song Plus EV Champion автокөлігі
• Пәтер.

Қола алғандарға:

• 50 мың АҚШ доллары
•BYD Song Plus DM-i Champion автокөлігі
• Пәтер.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы 8 алтынның 5-ін бокстан жеңіп алды. Хасанбой Дусматов (51 кило) пен Баходир Жалолов (+92 кило) екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Абдумалик Халоков (57 кило), Асадхуджа Муйдинхуджаев (71 кило) пен Лазизбек Муллажонов (92 кило) та қарсылас шақ келтірмеді. 

Дзюдодан Диера Келдиерова, еркін күрес шебері Разамбек Жамалов алтын алды. Тхэквондист Улугбек Рашитов та екі дүркін Олимпиада чемпионы деген атаққа қол жеткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport