Алтынға талас пен финалға жолдама! Олимпиададағы қазақстандықтардың бүгінгі жарыс кестесі

©olympic.kz

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 5 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. 

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте 30-орында тұр.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

• Байдарка мен каноэ есу:Каноэ. Ерлер. Жұптық. 500 м. Іріктеу
13:30. Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров
Каноэ. Әйелдер. Жұптық. 500 м. Іріктеу
14:00. Мария Бровкова, Руфина Искакова
Байдарка. Жұптық. 500 м. Іріктеу
14:30. Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий

• Жеңіл атлетика:
110 м кедергілер арқылы жүгіру. Жұбаныш жарысы
13:50. Давид Ефремов
3000 м кедергілер арқылы жүгіру (стипль-чез). Финал
00:14. Нора Джеруто

• Грек-рим күресі. 1/8 финал (77 кг)
14:30.   Демеу Жадыраев – Джейр Куеро Муньос

• Құзға өрмелеу. Жылдамдық. Іріктеу
16:00. Амир Маймұратов

• Бокс. Жартылай финал (50 кг)
01:02.   Назым Қызайбай – Ву Ю.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар