Алтын да жоқ, күміс те жоқ! Қазақстан құрамасы Олимпиаданы 8 қоламен аяқтады

Сурет: olympic.kz.

Қазақстандық спортшылар ресми түрде Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz

Ұлттық құрама қоржынына соңғы жүлдені салған каратеші Софья Берульцева болды, 20 жастағы спортшы қола жүлде иеленді. 

Осылайша, Қазақстан Токиода сегіз жүлде жеңіп алды, барлығы да қола.

Қазақстан құрамасынан жүлделі болғандар: боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев, ауыр атлеттер Игорь Сон және Зульфия Чиншанло, дзюдошы Елдос Сметов, каратеші Дархан Асаділов, еркін стилде күресетін балуан Нұрислам Санаев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар