Алматыда Олимпиада жүлдегеріне әуежайдан түсе сала су жаңа көлік мінгізді

©Алихан Сариев

Бүгін, 5 тамызда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Алматыға келіп жетті. 

Алматыда спортшыны дүйім жұрт күтіп алып, Ғұсманға көлік сыйлады. 

Спортшыға су жаңа Toyota маркалы автокөлігін тарту етті. Бұл сыйлықты оған Қазақстанның дзюдо федерациясы дайындапты. 

Еске салайық, Ғұсман жұбаныш белдесуінде сербиялық Страхинью Бунчичты жығып, үшінші орын алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар