Олимпиада
29 шілде 2021 15:57

"Ақша үшін келмедік. Олимпиада - бала күннен арманым". Әбілхан Аманқұл алғашқы жеңісі туралы пікір білдірді

Сурет: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбілхан Аманқұл Токио төріндегі алғашқы жекпе-жегі жайлы Vesti.kz тілшісіне пікір білдірді.

Ол бүгін, 29 шілде күні өзбекстандық қарсыласы Фанат Кахромоновты жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 

"Жалпы кез келген сайыстағы алғашқы кездесуде қобалжимын, бұл жолы да солай болды. Алайда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Келесі қарсыласым - бразилиялық. Ол туралы әлі ақпаратым аз. Жақындағанда сараптап алармыз.

Ал Олимпиадаға қатысу туралы айтсам, біз мұнда ақша үшін келмедік. Бірінші орында - елдің абыройы. Олимпиада - менің бала күннен арманым", - дейді Аманқұл сұқбат барысында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport