ӘЧ жүлдегері Олимпиаданың ширек финалына шықты

сурет: olympic

52 келіге дейінгі салмақта Олимпиадаға қатысып жатқан Сәкен Бибосынов турнирдің келесі айналымына шықты деп хабарлайды, Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің 1/8 финалында француз ол Билал Беннаманы 5:0 есебімен жеңді. Бибосыновтың соңынан Токио рингіне Зәкір Сафиуллин де шығатынын айта кеткен жөн. Жерлесіміздің қарсыласы жапон Дайсуке Наримацу.

Еске салайық, Бекзат Нұрдәулетов, Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов, Василий Левит және Надежда Рябецтер жарыстарын орта жолда аяқтаған болатын. Әзірге Сәкен Бибосынов, Зәкір Сафиуллин, Әбілхан Аманқұл және Қамшыбек Қоңқабаевтар Олимпиада жүлдесіне үміткерлер қатарында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар