Абылайхан мен Есмигул. Қазақстандық дзюдошылар Парижде бірінші айналымнан аспады
Қазақстандық дзюдошылар Абылайхан Жұбаназар мен Есмигул Куюлова Париж Олимпиадасын бірінші белдесуінен кейін аяқтады, деп хабарлайды msports.kz тілшісі.
Қазақстандық дзюдошылар Абылайхан Жұбаназар мен Есмигул Куюлова Париж Олимпиадасын бірінші белдесуінен кейін аяқтады, деп хабарлайды msports.kz тілшісі.
Абылайхан мажар елінің спортшысы Атилла Унгвариге жол берді. 81 килоға дейінгі салмақта өткен белдесу жеңімпазы голден скорда анықталды. Абылайханнан бұрын Атилла бірінші әдіс жасады деген шешімге келген төрешілер жеңісті мажар спортшысына берді.
Әйелдер арасында 63 килоға дейінгі салмақта белдесуге шыққан Есмигул Куюлова да жарысты бірінші айналымда аяқтады. Ол Австрия елінің спортшысы Лубьяна Пиовесанаға жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін дзюдодан Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде жеңіп алған болатын.
Жарнама