Әбілхан Аманқұл Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Сурет: Olympic.kz. Сали Сабиров©

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасының ширек финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы бразилиялық Эберт Соуза болды. Үш раунд қорытындысы бойынша Соуза төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті (3:2), жартылай финалға шығып отыр. 

Бірінші раундта бразилялық басым түсті (2:3), ал екіншісінде қазақстандық боксшының пайдасына шешілді (3:2). Ал шешуші раундта қайтадан Соуза басым болды - 1:4.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар