270 миллион халқы бар мұсылман елі Олимпиада ойындарын өткізуге дайын

©АР

Индонезия президенті Джоко Видодо 2036 жылы Жазғы Олимпиада ойындарын қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді, деп  хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осыған дейін дәл сол жылғы төрт жылда бір келетін спорт мерекесін қабылдауға Мексика, Оңтсүтік Корея, Мысыр, Ұлыбритания және Үндістан елдері өткізуге ниет білдірген еді.

"Мен 2036 жылы Нусантареде Жазғы Олимпиада ойындарын жоғары деңгейде қабылдауға ресми түрде дайын екендігімізді мәлімдеймін", - дейді президент Detik.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, бүгінгі таңда Индонезияда 270 миллион халық бар. 300 ұлт пен этносы бар Оңтүстік-Шығыс Азияның елінде көбіне мұсылмандар тұрады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар