25 жылдағы алғашқы алтын. Ресейлік жүзгіш Токиода Еуропа рекордын орнатты
Токиодағы Жазғы ойындарда Евгений Рылов 100 метрге шалқалап жүзуде бірінші болып, Ресей құрамасы үшін 25 жылда алғаш рет осы жарыс түрінен алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Токиодағы Жазғы ойындарда Евгений Рылов 100 метрге шалқалап жүзуде бірінші болып, Ресей құрамасы үшін 25 жылда алғаш рет осы жарыс түрінен алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рылов бұл қашықтықты 51,98 секундта жүзіп өтіп, Еуропа рекордын орнатты. Тағы бір ресейлік Климент Колесников (52,00) күміс жүлдені жеңіп алды. Ал қола америкалық Райан Мерфиде (52,19).
Ресейлік спортшылар жүзуден Олимпиада алтынын соңғы рет 1996 жылғы Атлантадағы ойындарда жеңіп алған екен. Ол кезде Александр Попов еркін стильде 50 және 100 метрге жүзуден, ал Денис Панкратов 100 және 200 метрге баттерфляй стилінде жүзуден алтын алған.
Осылайша, қазір Ресей қоржынында Олимпиаданың бес алтыны, алты күмісі мен үш қола жүлдесі бар.
Жарнама