19 жастағы спортшы Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін карьерасын аяқтамақ

Сурет: ukrinform

Суға секіруден Олимпиадаға қатысқан укариналық София Лыскун Токиодағы сәтсіздігінен кейін карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

19 жастағы спортшы он метр биіктен секіруде соңғының алдындағы орынға ғана жете алды. 

"2024 жылғы Олимпиадаға дайындаламын ба? Білмеймін. Дайындалмайтын да шығармын. Өйткені осылай. Кареьрамды аяқтаймын ба? Иә. Өнер көрсеткендегі сезімдер өте ауыр, өйткені нашар өнер көрсеттім. Үшінші рет секіргенімде құлап түстім. Әрине, үлкен үміт болды, бірақ, болары болды. 

Бапкер мені жарысқа қосылатындай күйге қайта келтіргісі келді. Алайда құлап түскеннен кейін ондай күй оралмады", - деп береді Лыскунның сөзін "Суспільне"

Лыскун - 2018 жылғы командалық жарыста және 2019 жылғы биіктен секіруден Еуропа чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар