Жарнама

Азиада
Кеше 17:17
 

18 қазақстандық 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына шақырту алды

  Пікірлер

blog.share

18 қазақстандық 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына шақырту алды ©

Қазақстан құрамасы 2026 жылы Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында спорттың 11 түрі бойынша қатысу мүмкіндігіне ие болды.

blog.share

Қазақстан құрамасы 2026 жылы Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында спорттың 11 түрі бойынша қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі таңда 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысушылардың тізіміне Қазақстаннан 18 спортшы енді.

Таеквондо

– 63 келіден жоғары, қыздар

Жағажай волейболы

– команда, ұлдар (2 спортшы)

Тас жолдағы велоспорт

– топтық жарыс, ұлдар және қыздар

– жекелей жарыс (жекелей уақытқа), ұлдар және қыздар

Триатлон

– жекелей спринт, ұлдар

Семсерлесу

– қылыш, ұлдар

Брейкинг

– қыздар

Бокс

– 70 келіге дейін, ұлдар

– 54 келіге дейін, қыздар

– 57 келіге дейін, қыздар

Дзюдо

– 52 келіге дейін, қыздар

Жүзу

– 100 метр еркін стиль, ұлдар

– 50 метр арқамен жүзу, қыздар

Спорттық гимнастика

– жекелей көпсайыс, ұлдар және қыздар

Жеңіл атлетика

– диск лақтыру, ұлдар

– 400 метр кедергілер арқылы жүгіру, қыздар

Айта кетейік, берілген жолдамалар нақты спортшылардың атына бекітілмеген. Қазіргі уақытта ұлттық федерациялар тарапынан қатысуға ресми растау күтілуде.

Олимпиада жолдамаларын бөлу 1-6 сәуір аралығында Халықаралық Олимпиадалық комитеті бекіткен қатысу қағидаларына сәйкес, халықаралық федерациялармен бірлесіп жүргізіледі. Осы кезең аяқталғаннан кейін жолдамаларды қайта бөлу қарастырылған, ол 2026 жылдың 23 мамырына дейін жалғасады. Соның қорытындысы бойынша жас олимпиадашылардың толық құрамы анықталады.

Айта кетерлігі, Дакарда  (Сенегал) өтетін дүбірлі дода тарихтағы төртінші жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы болмақ және алғаш рет Африка құрлығында ұйымдастырылады.

Бұған дейінгі Олимпиадалардан айырмашылығы - 2026 жылы дәстүрлі іріктеу жарыстары өткізілмейді. Оның орнына жолдамалар Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен халықаралық федерациялар арқылы бөлінеді.

Жарыстың жабылу салтанаты өтетін сәтте қатысушылардың жасы 17 жастан аспауы тиіс. Ал ең төменгі жас шегін әрбір халықаралық федерация өз талаптарына сәйкес жеке белгілейді.

Жасөспірімдер Олимпиадасы Дакарда 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!